test
14-07-2024
32.3 C
Шымкент

Ынтымақ, бірлігі артқан – Арыс

Тәуелсіздіктің 26 жылдық тарихы – тұрақтылықтың, Қа¬зақстан халқының достығы мен келісімінің негізі.Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Қиындық атаулыны жеңетін бірақ күш бар, ол — бірлік»,- деп атап өткендей, бүгін ОҚО Арыс қаласының тұрғындары мен қала қонақтары 1 мамыр – Қазақстан халықтарының Бірлігі күні мерекесін атап өтті.Салтанатты шараға қала әкімі М.Қадырбек, қалалық мәслихат хатшысы А.Байтанаев, зиялы қауым және этномәдени орталықтардың өкілдері, қала тұрғындары және қонақтары қатысты.Шаһар басшысы Мұрат Болатұлы: «Көктемнің осынау шуақты мерекесі Қазақстан халқы Бірлігі күнімен, Сіздерді шын жүректен құттықтай отырып, баршаларыңызға, әр отбасыға мол бақыт, шынайы көңіл мен мықты денсаулық, ашық аспан, бақ-береке мен Тәуелсіз елдігімізді мәңгі ету жолындағы абыройлы белесте баршаңызға толайым табыстар тілеймін! Туған Отанымыз Қазақстанның аспаны ашық, рухы биік болып, береке-бірлігі нығая берсін!»- деп арыстықтарды мерекемен құттықтады.
Мерекелік шара барысында еліміздің бірлігін нығайтуда елеулі үлес қосып жүрген этномәдени орталықтардың өкілдері қала әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.Этномәдени орталық өкілдерінен жасақталған өнер ұжымдары, ынтымаққа ұйыстырып, бірлікке үндейтін театрландырылған көріністер қойып, биден шашу шашып, Арыс аспанын әнге бөледі. Ұлтаралық келісімді паш еткен мереке болды.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР