test
14-07-2024
32.3 C
Шымкент

Оқу–жаттығу–далалық жиынына дайындық барысы пысықталды

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы №606 бұйрығы және Арыс қаласы әкімінің 2017 жылғы 4 сәуірдегі №91 «2017 жылы оқу-жаттығу-далалық (лагерлік) оқу сабағын ұйымдастыру және өткізу туралы» Қаулысының талаптарын орындау мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қала әкімінің орынбасары Р.Айтбаевтың төрағалық етуімен жиын өтті.Аталған жиында бекітілген іс-шара аясында, оқушылардың физикалық  дайындығын, медициналық құрал-жабдықтардың болуы, қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, әскери техника мен қару-жарақты қолдануы, өрт қауіпсіздігі және қауіпсіздік шараларды сақтаудағы негізгі ережелермен танысып, сала мамандарына қала әкімінің қаулысының талаптарын орындау бойынша бірқатар тапсырмалар берді. Мұның барлығы да жастарды Отан қорғауға дайындау. Өз кезегінде жастардың Қарулы күштер қатарында қызмет етуіне дайындықтарын арттыру бүгінгі күннің басты талабы болып отыр. Ер азаматтардың Отан алдындағы борышын өтеуі бүгінде жастар тарапынан қызу қолдау тауып отыр.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР