05-09-2021
20.3 C
Шымкент

Шағын кәсіпкерлік дамып келеді

ОҚО Бәйдібек ауданында 3 369 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері нақты жұмыс жасайды. 2016 жылдың қорытындысымен  220,8 млн. теңге салық-төлемдері төленді. Кәсіпкерлер мен шаруаларға Үкімет тарапынан үнемі қолдау көрсетілуде. 2016 жылы шағын және орта кәсіпкерлерді қолдау мақсатында «Бәйдібек несие» КС» ЖШС-і, «Максимум»АИО» ЖШС-і, «Ырыс»ШНҰ» ЖШС-і және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 254 жобаға 1095,7 млн. теңге несие беріліп, 318 жұмыс орны ашылды. Өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі 2 млрд 564 млн. теңге болып, нақты көлем индексі 102,5 пайызды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 227,6 млн теңгеге артты. Үдемелі  индустриялды-инновациялық  даму  бағдарламасы ауқымында  бірнеше  ірі  жобалар  қолға  алынып, жұмыстар  атқарылуда. Индустрияландыру  картасына  енгізілген  жобаларды  жүзеге  асырушы кәсіпкерлік  құрылымдар  мен  инвесторлардың  қызығушылығын  арттыру мақсатында  Боралдай  ауылдық  округі Жыланды  елді  мекенінен  бөлінген 60 га жер теліміне  индустриялды  аймақтың  құрылысы  жүргізілуде (жалпы құны 326,6 млн теңге). Ол пайдалануға берілген кезде экономикалық өрлеуге зор үлес қосары сөзсіз.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР