test
14-07-2024
32.3 C
Шымкент

Құс шаруашылығы — басты назарда

ОҚО Төле би ауданы негізінен ауыл және мал шаруашылығын дамытуға қолайлы аймақ саналады. Алдағы уақытта мұнда құс шаруашылығын қарқынды дамыту қолға алынбақ. Жуырда Киелітас ауылдық округінде  «Ленгер құс» фермасының  іргетасы қаланып құрылысы жүргізілуде.

Жуық арада мемлекет тарапынан құс шаруашылығына берілетін жеңілдіктер көбеймек. Сондай-ақ құс шаруашылығында кооперативтер құру арқылы өнімнің көлемін ұлғайту да мықтап қолға алынбақ. Ауданда тауық шаруашылығымен айналысуға 24 кәсіпкерге (әр кәсіпкер 4000 бас) жер учаскесі бөлініп берілген. Кәсіпкерлер етті тауық өсіруге бел байлап, «Леңгер құс» ауылшаруашылық өндірістік кооперативін құрып жұмыс жасауда. Мұнда құс шаруашылығын дамытуға барынша қолайлы жағдай жасалынбақ. 2-3 апта көлемінде төрт келелік ет жинайтын қоңды тауық баптау ісі жүзеге асырылмақ. Одан бөлек жұмысртқа өнідірісі де өркендейтін болады. Ол үшін арнайы ветеринар мамандар жұмысқа алынып, мұндағы құстардың жағдайы қатаң бақылауда болмақ. Бұл шаруашылық тек аудан ғана емес облыс экономикасын қарқынды дамытуға да сеп болатры анық. Одан бөлек өндірген өнімді тек облыс шеңберінде ғана қалдырмай өзге аймақтарға тасымалдау да жоспарда бар.

 

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР