19-09-2021
16.3 C
Шымкент

Жылыжай өнімділігі жоғары

Қазіргі таңда ауыл шаруашылық өнімдерін дамыту мәселесі өзекті күйінде қалып отыр. Әсіресе, бұл Оңтүстік Қазақстан облысында қарқынды қолға алынып келе жатыр. Мұның дәлелі ретінде аудан, қалаларда бір ізге түсіп келе жатқан жеке шаруашылықтардың жұмысын айтуға болады.  Шаға ауылдық округіндегі «Ерасыл» шаруа қожалығының жылыжай кешенінің жалпы аумағы 0,35 га жерді құрайды. Мұнда негізінен қияр өсірілуде. Өткен жылы пайдаланылуға берілген жылыжайда алғашқы өнім әлдеқашан алынып қойыпты. Күзгі жиында  36 тонна қияр алынса, алдағы уақытта өнімді 60 тоннаға жеткізу жоспарларында бар. Кешенде барлық жұмыстар автоматтандырылған. Жылыжайдың көлемін ұлғайту да алдағы уақыттың еншісіне қалып отыр. Сметалық құны 70 миллион теңге болған жылыжай кешенін Оңтүстік Кореялық компания салған. Жергілікті  4 адам жұмыспен қамтылыпты. Оранғай ауылындағы «Яссы» құс шаруашылығы фабрикасы да Түркістандағы ауыл шаруашылығын дамытуда белсенділік танытып келе жатқан қожалықтардың бірі. Мұнда күніне 20 мың дана жұмыртқа шығарылады. Фабрика толық қуаттылығына енгенде түркістандықтарды тауық еті және жұмыртқасымен жеткілікті деңгейде қамтамасыз етпек. Сондай-ақ ауданда салық түсімі жоғары ірі кәсіпорындар жетерлік. Олар экономикалық даму көрсеткіштеріне қарқынды үлес қосып келеді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР