test
11-07-2024
25.3 C
Шымкент

Ауыл шаруашылығы өнімдері

ОҚО Бәйдібек ауданының экономикалық даму көрсеткіші жылдан жылға жоғарылап келеді. Былтыр  ауыл шаруашылығы саласында 15 млрд 204,5 млн.теңгеге өнім өндіріліп, өсім 128,7 пайызды құрады, 10,1 мыңтонна ет, 28,6 мың тонна сүт өндірілген. Аудан негізі дәнді-дақылдар, майлы дақылдар, мал азықтық, көкөніс дақылдары, бау-бақша, жүзім өсірумен айналысады. Былтырғы жылы 64 891гектар жерге егіс егіліп, жоспар 108 пайызға артығымен орындалды. 346 мыңтонна мал азығы, 1546 тонна жеміс-жидектер, 8146,9 тонна көкөністер,4818,5тонна картоп,7655,1тонна бақша өнімдері дайындалған. Күздік бидай әр гектарынан21,4центнерден түсіп,47333,6тонна астық алынды. Егіс даласында еңбек етіп жатқан агроқұрылымдарды жеңілдетілген бағадағы тыңайтқышпен қамтамасыз ету мақсатында2,4 мыңтонна тыңайтқыш берілді. Ағымдағы жылы басым дақылдар бойынша131млн.теңге, жылыжай шаруашылықтарына0,7млн. теңге, жеміс–жидек, жүзім күтіміне5,1млн. теңге субсидия төленген. Аудан аумағын ағын сумен 30 канал қамтамасыз етеді. 2016 жылы жалпы 28 млн.текше метр ағын су диқандарға жеткізілді. Осы жұмыстардың нәтижесінде, өсімдік шаруашылығында 6 млрд. 455 млн теңгенің өнімі өндіріліп,  өсім 139% құрады. Биыл егіс жұмыстарын жақсы аяқтаған диқандар өнім көлемі жоғары болады деген сенімде.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР