03-09-2021
18.3 C
Шымкент

Қоныс тойы көбеймек

Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Төле би ауданында бүгінде әлеуметтік салаға көптеп көңіл бөлінуд. Тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету қарқын алған.  Аудан орталығы Ленгір қаласында тұрғын үй саласы бойынша 8 нысан құрылысы жүргізілуде. Бұл өткен 2016 жылдан 2017 жылға ауыспалы болып өткен құрылыс болып есептеледі. Ленгер қаласы 1 мөлтек ауданындағы 60 пәтерлі 5 қабатты 8 тұрғын үйдің құрылыстарының конкурстық құны 2735406,084 мың теңге. Құрылыс жұмыстарын жүргізуге 2016 жылы облыстық бюджеттен 180000,0 мың теңге қаралып, игерілді. 2017 жылға облыстық бюджеттен 2528054,0 мың теңге қаралып отыр. Тапсырысшы мен мердігер мекемелермен қосымша келісім-шарттар түзілді. Бүгінгі күнде, үйлердің іргетасын құю жұмыстары аяқталып, қыш қалау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Кестеге сәйкес, құрылыс жұмыстары қыркүйек айында аяқталып, 480 отбасы тұрғын үймен қамтылады деп жоспарлануда. Осылайша биыл қоныс тойын тойлайтындардың қатары артпақ. Баспаналы болуды армандап жүргендерге бұл үлкен көмек болары сөзсіз. 

 

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР