03-09-2021
18.3 C
Шымкент

Мерекеде мың домбырашы күй тартты

Оңтүстік Қазақстан облысында бір мезетте 1 мың домбырашының күйі күмбірледі. Бірлік мерекесіне арналған жиында жергілікті домбырашылар Құрмағазының күйі «Балбырауынды» бір ырғақпен тамаша орындап шықты. Күйді орындауға өңірдің мәдениет қызметкерлерімен бірге мектеп оқушылары да тартылған. Олар екі апта уақыт аралығында алаңға жиналып, дайындық жүргізіпті. Домбырашылардың басын қосқан режиссер Жұмабек Есімовтың айтуынша, бұл идеяның авторы облыс әкімі Жансейіт Түймебаев болған екен.
«Күй тартуға қаладағы әр мектептен 15 оқушыдан қатысады деп жоспарлағанбыз. Кейін солардың ішінен іріктеп алып, әр білім ошағынан 10 балаға дейін қатыстырдық. Оқушылардың басым көпшілігі – облыстық «Өнер» мектебінің шәкірттері. Ал қалғаны – мәдениет саласында еңбек ететін қызметкерлер. Домбыраның күмбірі халық мүддесін бір арнаға бұрып, ортақ ойға ұйыстыратын рухани күшке айналатынына сеніміміз мол. Бұл шара жастарымыздың ұлттық сезімін, халқымыздың отаншылдық рухын нығайтуды көздейді», – дейді режиссер.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР