test
14-07-2024
32.3 C
Шымкент

ОҚО-да депутаттар уран өндіру орындарында болды

Халық қалаулылары өндіріс орындарында болды

«ҚазАтомӨнеркәсіп» ұлттық атом компаниясына қарасты кәсіпорындар бүгінде жаңа технологияларды игеріп, уран өндіру ісін ілгері бастап келеді. Қазақстанда өндірілетін уранның шамамен 60 пайызы Cозақ ауданында өндіріледі. Осы бір табиғи кен түрінің пайдасы еліміз үшін қазіргі өте жоғары болып отыр. Соның ішінде, аудан үшін де мол пайдасы тиюде. Яғни, уран өндірісі ауданымызда белең ала бастаған уақыттан бері аудан экономикасы әлдеқайда артып, облыс көлемінде көш бастап тұр.
Жуырда аталған өндіріс орындарын аудандық мәслихаттың хатшысы Б.Байғараев бастаған депутаттар тобы аралап көрді. Жұмысшы топтың құрамында аудандық мәслихаттың депутаттары Ғ.Жүсіп, Р.Жақсыбергенов, Г.Әлімбекова, І.Омарбеков, А.Күзенбаев, Г.Момбекова, С.Жанұзақов, А.Әлім, А.Өмірбеков, сондай-ақ, аудандық мәслихаттың аппарат басшысы Е.Аманғалиев және жергілікті БАҚ өкілдері болды.

Менделеев кестесіндегі 92-ші элемент — уран. Өзі өте күшті. Өңделген түрі қуат береді, әрине. Уран табиғатта сирек кездеседі, шашыранды кен. Десе де, жер қыртысындағы шашыраңқы уран үлесі алтыннан мың есе, күмістен 30 есе көп. Табиғаттағы үлес салмағы мырыш пен қорғасынмен бірдей болса да, негізгі массасы тау жыныстарында, топырақта, өзен-көлдерге шашырап таралған. Сондықтан, оны өндіру тиімсіз, әрі мүмкін де емес секілді,. Бірақ, уранның аз бөлігі ғана кен орындарында шоғырланған. Ал, мұндай кендер көп жұртта мүлде жоқ. Әлбетте, бұл аса бағалы стратегиялық байлық, келешек энергияның сарқылмас көзі саналар кен біздің дархан даламызда бар. Бар болғанда да, Қазақстан қазір табиғи уран кенінің қоры жағынан ғаламда Австралиямен шамалас. Кеннің барланған қоры 1 миллион 600 мың тонна. Оның 1,2 миллион тоннасы құмды-шөлейтті аймақтарда.
Халық қалаулылары «Казатомпром-SaUran» ЖШС, «Степное-РУ» ЖШС, «Уанас» цехын, «Ақдала» ЖШС, «Аппақ» ЖШС, «Орталық Мыңқұдық» ЖШС өндіріс орындарында болып, ондағы жұмыс барысымен және жұмысшылардың жай-күйімен танысты.
Аталған барлық уран өндіретін кәсіпорындардың директорларымен сұхбат жүргізіліп, депутаттар тарапынан сауалдар қойылды. Атап айтар болсақ, жұмысшы топ «Аппақ» ЖШС-нің директоры Қабаев Сейілхан Тұрсынжанұлымен, «Орталық Мыңқұдық» ЖШС-нің директоры Өмірбеков Адай Есіркепұлымен, «Ақдала» кенішінің директоры Өмірбеков Нысанмен, «Казатомпром-SaUran» ЖШС-нің «Степное-РУ» филиалының директоры Кушегов Сергей Анатолиевичпен, «Казатомпром-SaUran» ЖШС-нің «ТГХК» ЖШС «Таукент тау-химиялық кәсіпорынының» бас директоры Муханов Ержанмен кездесті.
Қазіргі таңда өндіріс саласы ауданда қарқынды дамыған. Жергілікті тұрғындар осы салада қызмет етіп, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлары біршама жақсарған. Осыған орай, кездесулер барысында депутаттар тарапынан өндіріс орындарында қанша пайыз жергілікті тұрғындар жұмыс жасайды деген сауал туындады. Өндіріс басшыларының айтуынша барлық өндіріс орындарындағы жұмысшылардың 95-98 пайызы Созақ ауданының тұрғындары.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР