04-09-2021
24.3 C
Шымкент

ОҚО-да мұғалімдердің республикалық семинары өтті

Елбасы саясатына сай, ұстаздардың біліктілігін арттыру мақсатында ОҚО-дағы Мақтарал ауданында республикалық ғылыми-әдістемелік семинар ұйымдастырылды. Республикалық семинар барысында жаңартылған білім мазмұны бойынша арнайы курстан өткен 14 мұғалім ашық сабақ өткізді. Мақтаралдық мұғалімдер  өзге өңірлерден келген әріптестерімен  тәжірибе алмасты. Бұл жиынның педагог кадрларға берері мол, – дейді ұйымдастырушылар.

— Мақтаралда  124  білім ошағы бар. Олардың арасында жаңартылған білім беру мазмұны аясында жоғары көрсеткіштерді бағындырғандары да баршылық. Жеңіс мектеп-гимназиясы 2016 жылы «Өрлеу» біліктілікті арттыру институты базасында өткен «Педагогикалық жаңа идеялар фестивалінде»  бас жүлде иемденген. Шалғайдағы  шәкірттерді шыңдау үшін аудандық білім бөлімінің түзген жоспары жүйелі, -дейді «Өрлеу» біліктілікті арттыру институты директорының орынбасары Мұхтар Ақтаев. Озат педагогтардың ашық сабағында түрлі әдістемелер мен жаңа технологиялар қолданылды. Аудан бойынша алғаш өткізілген семинарға Қазақстанның әр түпкірінен мұғалімдер қатысып, өз пікірлерін ортаға салды. Семинарда оңтүстік облыс аудандары түгелдей онлайн режимге қосылды. Ал, пленарлық отырыста Атырау, Тараз, Қызылорда, Өскемен, Ақтөбе қалалары тікелей  байланыста болды. Күш – білімде. Осылай деген қатысушы педагогтар Ұлы дала ұландарын ұғымтал, дарынды етіп тәрбиелеуге бекінді.

К. Дүйсенбі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР