11-05-2024
16.3 C
Шымкент

Этномәдени орталық мүшелері сенбілікке шықты

«Үйіміз — ортақ. Жүрегіміз «Қазақстан!» деп соғады. Тілегіміз бір». Бұл – ОҚО-дағы этнос өкілдерінің шынайы сезімі. Олар Шымкентте Еңбек мерекесін ұйымдастырды.

Өңірдегі 20 этно-мәдени орталық мүшелері тазалық жұмысын «Даңқ» мемориалының төңірегінен бастады. Отан үшін омырауын оққа тосқан ардагерлердің құрметіне қойылған ескерткіш мүсіндер мен тақталарды айнадай етіп, жуып-тазалады. Сенбілікке 150 – ден астам азамат қатысып, белсенділік танытты. Бұл күні саябақтағы жасыл аруларға да күтім жасалып, шөп қырқылды. Түрлі ұлт өкілдері мен этномәдени орталық өкілдері бұл игілікті істерін Ұлы Жеңіс күні мен отанқорғаушылар күніне арнады.

Айта кетейік, Шымкенттегі Абай атындағы саябақта орын тепкен   Даңқ Мемориалы Жеңістің 65 жылдығына арналған салтанатты түрде ашылған. Мемориал өзара бір композицияға жиналған ескерткіштер қатарынан тұрады. Ол көп жылдар бұрын салынған және толығымен жөндеуден өткен «Мәңгілік алау ескерткішінен» басталады. 140 000-нан астам есім жазылған жан-жағындағы тақтайшалардың көлемі 200 метр болатын Даңқ Аллеясы композицияны жалғастырады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР