Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Өзбекстан Республикасы Жизақ облысының әкімі Улугбек Узаков бастаған делегациямен кездесті.
Жизақ облысының іскер топтарының өкілдері мен Қазақстан Республикасы және Өзбекстан Республикасының Елшілері қатысқан басқосуда екі ел арасындағы ынтымақтастық жайы сөз болды.
Өз кезегінде облыс басшысы екі аймақтың ортақ ұқсастығы мен әлеуеті зор екенін атап өтіп, көрші елге тауар экспортының көлемін арттыру қажеттігін айтты.
Мұнан бөлек, кездесуде тараптар өңіраралық сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастарды нығайтуға бағытталған өзара тиімді екіжақты дамыту мәселелерін талқылады.
Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы өзара тауар айналым өткен жылы 532 млн. АҚШ долларына жеткен. Оның ішінде 194 млн. АҚШ долларын импорт құраса, 338 млн. АҚШ долларын импорт құраған.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі