20-04-2024
13.3 C
Шымкент

Ассамблея мүшелері қайырымдылық көрсетті

Көктемгі су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге көмек көрсету шаралары Оңтүстік Қазақстан облысында жалғасын тауып жатыр.  ОҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері Қарағанды облысының табиғат апатына тап қолған тұрғындарына гуманитарлық көмек жіберді. Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен бастау алған «Ассамблея асары» акциясына этномәдени бірлестіктер, облыстық «Қоғамдық келісім» КММ-ның қала, аудандардағы филиалдары, өңір тұрғындары мен «Алтын адам» тігін фабрикасы, «NIK» корпорациясы қолдау білдірді. Құны 10 млн. теңгеге жуықтайтын азық-түлік, киім-кешек пен көрпе-төсек тиелген жүк көлігі ертең Қарағанды облысының Шет ауданына жетеді. Облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов табиғат апатынан зардап шеккен елді мекендерге көмектесуде Ассамблеяның қалыс қалмай келе жатқанын айтады.

«Біз зардап шеккен аймақтардағы халыққа қай кезде де олармен бірге екенімізді білдіргіміз келеді. Бұл Ассамблея дәстүріне айналған шара. Қайырымдылық шарасына белсене қатысқан барша азаматтарға алғыс айтамын», -деді ол.

«Қайырымдылық қазақ даласында бұрыннан бар нәрсе. Игі шараға бір шаңырақ астында бір үйдің баласындай тату-тәтті өмір сүріп жатқан өңіріміздегі барлық этнос өкілдерінің қалыс қалмағанын ерекше айтып өткім келеді», — деді облыстық ұйғыр этномәдени бірлестігінің төрайымы Гузаль Темирова.

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР