02-09-2021
27.3 C
Шымкент

ОҚО-да мейірбикелер күні атап өтілді

12 мамыр – Халықаралық Мейіргерлер күніне арналған мерекелік іс-шараға облыс әкімі аппаратының басшысы Ә.Тұрғымбеков, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Қ.Жантөреева, «Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының төрайымы Р.Ағниязова мен Денсаулық сақтау басқармасының басшысы М.Егізбаев қатысты. Облыстың денсаулық сақтау саласына тиісті деңгейде көңіл бөлінуде. Жыл сайын медициналық мекемелер жаңарып, жаңа ғимараттар ел игілігіне беріліп жатыр. Мамандар тапшылығы азайып, медицина қызметкерлерінің біліктілігін ұдайы арттыру жолға қойылған. Бюджет есебінен жыл сайын 6 мыңнан астам медицина маманы білімдерін жетілдіреді.
Денсаулық сақтау саласындағы атқарылған жүйелі жұмыстардың нәтижесінде облыс тұрғындарының орташа өмір сүру жасы 71,9-ға ұлғайды.
Жыл сайын облыс тұрғындарының 438 мыңы ауруханада ем алады. Әрбір азамат жылына кем дегенде 4 реттен емханаға қаралады. Ал, жедел жәрдем көмегіне 1 миллионнан астам адам жүгінеді. Тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмек түрлерінің қашанда сапалы болуына облыс бойынша 22 мыңнан астам мейіргер қомақты үлес қосып келеді.
Мерекелік шарада орта буын медицина қызметкерлеріне құрмет көрсетіліп, еселі еңбектеріне алғыс білдірілді. Бірқатар мейіргерлерге «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалдары, облыс әкімінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары, облыстық мәслихаттың Алғыс хаттары, «Нұр Отан» партиясының грамоталары табысталды. Олардың қатарын ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен және министрліктің Құрмет грамоталарымен, ОҚО Денсаулық сақтау басқармасының құрмет грамоталарымен, «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен, Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Құрмет грамоталарымен марапатталған мейірбикелер толықтырды.
Жыл сайын мереке қарсаңында мамандар арасында ең үздіктерді таңдау сайысы өткізіледі. Биыл да жалғасын тапқан дәстүрлі байқаудың жеңімпаздары 2017 жылдың үздік мамандары арнайы дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ, сайысқа қатысқан 30 медицина маманына «Ақсу-Жабағылы», «Біркөлік» және «Денсаулық» шипажайыларына жолдамалар табыс етілді.

 

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР