05-09-2021
29.3 C
Шымкент

Оқу жаттығу жиыны өтті

Арыс горнизонының №74884 әскери бөлімінің ату-жаттығу полигонында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен бағдарламаға сәйкес, Арыс қаласындағы білім беру мекемелерінің 10-сынып оқушылары арасында 5 күндік әскери оқу-жаттығу далалық жиынының салтанатты ашылуы өтті.
Салтанатты шараға қала әкімі М.Қадырбек, «Ауған соғысы ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы С.Арынов, қалалық «Ардагерлер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Б.Исламбеков, Арыс қаласы Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің бастығы подпалковник Е.Біләлов, білім беру мекемелерінің басшылары қатысты.
Әскери-далалық жиыны кезінде қатысушылар «Алғашқы әскери дайындық» пәнінен алған білімдерін тәжірбие жүзінде көрсетіп, әскери техникамен, қару жарақ түрлерімен танысып, гранатаны лақтыру, кермеге тартылу, 100 м, 1000 м және 3000 м қашықтыққа жүгіру бойынша тапсырмалар орындайтын болады.

Сондай ақ, сабақтан тыс уақытта С.Адамбеков атындағы жалпы орта мектебінің Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі М.Сүйіндіков ел қорғандарының арасында кермеге тартылу сайысын өткізді.  Шаһар басшысы М.Қадырбек «Әскери оқу-далалық жиынының» материалдық-техникалық құралдарымен танысты. Ақдала ауылдық округі С.Ерубаев атындағы жалпы орта мектебінің Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Д.Әбдраев оқушылармен саптық шеруді пысықтады. Жиын соңында мәдениет үйінің өнерпаздары әскери-патриоттық әндерден шашу шашты.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР