05-09-2021
17.3 C
Шымкент

Ел экономикасының серпінді күші

Мақтаралда кәсіпкерлердің дені мемлекеттік қызметтерді бір жерден пайдаланады.  Ұлт жоспары – 100 нақты қадамдағы «Азаматтар үшін Үкімет» бағдарламасын жасап, оны іске асыру болып табылатын негізгі міндеттен туындайды. Бұл бағдарлама  негізінен  Канаданың «Канада сервис» және Австралияның «Сентелинк» жобасына ұқсас болып келеді. Дегенмен бұл орайда жобаның біздегі алғышарттары да өз нәтижесін беріп отыр.  Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы  бизнес иесінің проблемасын жеңілдетеді. Мұнда тұрғын үйдің нысанына коммерциялық  құрылыс салу, оның құжаттарын рәсімдеу істері әп-сәтте бітеді.

Кәсіпкерлерге көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапа менеджменті — ИСО 9000 сериясына сәйкестендірілуі  Бақыт Қасымбеков сынды азаматтарға тиімді болды.  Бизнесмен бұған дейін өзіне көрсетілген қызметтерге разы. Қолға алған ісі алға басты. 5 тұрғынды жұмыспен қамтыды. Енді тағы да кәсібін ұлғайтпақшы. Бұл цехтың шеберлері аз уақыт ішінде мекемелер мен бала-бақшалардан тапсырыс алып, өздерінің жасаған бұйымдарының сапалалығымен ерекшеленіп келеді. Келешекте бірнеше нүктесін ашуға мүмкіндік тумақ. Ауданда өз кәсібін дөңгелетіп жүрген шағын кәсіпкерлер мемлекет тарапынан көрсетілген көмектің арқасында армандаған кәсібінің жемісін көріп келеді.  Кәсіпкерлік – ел экономикасының серпінді күші. Алға, іскер азамат!

Н.Әбдірашит 

 

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР