03-09-2021
18.3 C
Шымкент

Оқу далалық жиыны өтті

Бүгінгі жас сарбаз -ертеңгі ел қорғаушы. Олардың Қарулы күштер қатарында қызмет атқаруы барлығына да парыз. Бүігнде аудандарда далалық оқу жиындары өткізілуде. Жуырда Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Сайрам ауданындағы Қарабұлақ ауылында аудандық білім беру бөлімінің бекітілген бағдарламасына сай алғашқы әскери дайындық пәні бойынша оқу-далалық жиыны өтті. Аудан аумағындағы барлық білім ұяларының 10-сынып оқушылары қатысқан жиынды аудандық білім беру бөлімінің басшысы О.Қолдасова, аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімнің өкілі Қ.Қалқожа алғысөзбен ашып, өрендерге жылы лебізін білдірді. Шараға аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Ж.Бектасов қатысты. 15-20 адамнан тұратын оқушылар роталары мен взводтары құрылды. Рота және взвод командирлігіне алғашқы әскери дайындық пәнінің ұйымдастырушы-оқытушылары, ал взводтың бөлім командирлігіне әскери дайындығы мықты оқушылар тағайындалды. Жиын барысында ҚР Қарулы Күштері қолбасшысының жарлығының талаптарына сәйкес тәртіп өте қатаң есепке алынды. Білім, дене шынықтыру және спорт бөлімдерімен жаттығуларды ұйымдастырып өткізуде қауіпсіздік шаралары толықтай қамтамасыз етілді. Қорыта келе, мамырдың 15-інен бастап бес күндік оқу-дала жаттығулар жиыны жоғары дәрежеде өтті. Оқушылар шара барысында автоматтарды шашып, қайта жинады, әскери техника, қару-жарақ түрлерімен жақынырақ танысты, рота бойынша тәуліктік кезекшілік міндеттерін атқарып, нағыз сарбаздарға тән ептілік пен батылдықтың алғашқы баспалдағынан өтуді жүзеге асырды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР