test
14-07-2024
32.3 C
Шымкент

Шеберліктерін шыңдады

Төлеби ауданының жас ұландары оқу-дала жиынында шеберліктерін шыңдады. Дәстүрлі жиын биыл аудандағы тірек мектептерде өтті. 3 кезеңнен тұратын дала жаттығуларына аудан мектептерінен 10-шы сынып оқушылары, яғни, 513 оқушы қатысты. Биылғы ерекшелік – енді мектеп оқушылары оқу жаттығуларын ашық далада емес, әскери тәртіпке сай казармалық жағдайда өткізеді. Құнарлы ыстық тамақ, оқу-жаттығуларына қажетті құрал-жабдықтар, барлығы да талапқа сай. Қазіргі таңда біз 5 күндік саптық оқу дала жиынындамыз. Саптық дайындықта автомат Калашниковты шашып және жинауды үйреніп жатырмыз. Әскери топографияны және тағы басқа.келешекте бізге осының барлығы өз комектерін тигізеді.  Жиынға алғашқы әскери дайындық пәнінің 69 мұғалімі қатысып, оқушыларға заманауи техникалар мен қару-жарақтардың түрлерін таныстырды. Әскери қызметтің, Отан алдындағы борыштың маңыздылығын түсіндірді. Ал, аудандық әскери комиссариат барлығын өз бақылауынан қалт жібермеді.

Бақдаулет Өмірбек, №2 мектеп-гимназиясының оқушысы: —  5 күндік оқу-дала жиыны бізге қатты ұнады. Біз аз ғана уақыт ішінде атыс сабақтарын, тактикалық сабақтарды үйреніп жатырмыз. Болашақта Қазақстанның қарулы күштеріне аянбай қызмет етуге дайынбыз.

Күн ұзаққа созылған 5 күндік сайыс қорытындысы бойынша оқ бойы озық шыққан командалар мен ерекше көзге түскен қатысушылар арнайы марапатталады. Оларға мамырдың 19-на арнайы дипломдар табыс етіледі.  А. Байзахова

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР