20-09-2021
24.3 C
Шымкент

Патриоттық тәрбиеге баулиды

Биыл Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне — 25 жыл. Мерейлі мерекенің маңызын арттырған Мардан Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан Гуманитарлық Институтының студенттері өзара дала оқу-жаттығуларын өткізді. Жастарды патриоттық тәрбиеге баулып, елдің тұтастығын сақтауда бұл шараның маңызы зор болмақ. Өңіріміздің іргелі оқу ордасының бірі саналған  институт тек теория жүзінде ғана емес, іс-тәжірибе кезінде де мықты маман даярлайтынын дәлелді. 100 жігіттің басын қосқан дала жаттығуында еліміздің Әнұраны шырқалып,  салтанатты түрде ашылды.  Оқу жоспарының шеңберінде мұндай жаттығулар жылда өткізіледі. Бұл жерде екі апталық жаттығу кезінде жастар өздерін жырақта жүріп, тәрбиелейді.  Төлтаңда — Туымыз көкке көтеріліп, жас  жауынгерлер сап түзеп, жаттығу алаңына бет алды. 2 апталық дайындықтың нәтижесі көңіл қуантарлық. Саптық жүгіру, мылтық оқтап, нысананы көздеу, кір тасын көтеру, жер бауырлап жүгіру сынды жарыстарда өздерін сан қырынан танытты. Ел ішіне сырттан жау тисе, дұшпанды тұқыртып, қарумен қалай тойтарыс беру керектігін де ережеге сай көрсете білді. Мұның барлығы -алғашқы әскери дайындық кафедрасының 2 жылда жеткен жетістігі.

Бахадүр Абдусаматтың институт қабырғасында білім алып жатқанына биыл екінші жыл. Қорғаныс тактикаларын еркін меңгерген ол, болашақта резервтегі офицер шенін алмақ ниетте. Жиын соңында жеңімпаз атанған топ мақтау қағаздарымен марапатталып, арнайы кубок табыс етілді. Жауынгерлік даярлықты мықтап, бітімгершілік міндеттерді нықтап, батыл іс-қимылға баулитын жиынның жастарға берері мол болды.

Ш. Аязбаева   

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР