02-09-2021
20.3 C
Шымкент

ОҚО-да 196 инвестициялық жоба жүзеге асуда

Оңтүстік Қазақстан облысында биылғы жылы 196 инвестициялық жобаның құрылысы жүргізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында облыстық құрылыс басқармасының басшысы Салыхан Полатов мәлім етті.
Оның айтуынша, аталған құрылыс жұмыстардың 123-і осы жылдың соңына дейін пайдалануға берілу жоспарланса, 73 нысан  2018 жылға өтпелі.
Осының ішінде бүгінгі күнге 7 нысан құрылысы пайдалануға берілген. Атап айтар болсақ, Сарыағаш ауданында 4 қабатты 36 пәтерлі тұрғын үй, Отырарда инженерлік-коммуникациялық жүйелер мен Түркістан қаласындағы ауысымына 100 адам қабылдайтын Шорнақ ауылдық емханасы, Мақтарал, Ордабасы, Отырар аудандарында 50 адам қабылдайтын 3 дәрігерлік амбулатория мен Шымкент қаласындағы қоқыс қалдықтарын рекультивациялау нысандары.
Құрылыс саласында атқарылған жұмыстарды баяндаған басқарма басшысы салынған құрылыстардың барлығы да, халықтың әлеуметтік жағдайын арттыруға бағытталғанын атап өтті.
«Биылғы жылдың қаңтар-наурыз айларында облыс  аумағында құрылыс жұмыстары көлемінің индикаторы  24,3 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 109,3%-ға орындалды. «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында биыл облысымызда 550,6 мың ш.м. тұрғын үй пайдалануға тапсыру міндеттелген. Барлық қаржыландыру көздері арқылы осы жылы 700 мың ш.м. болатын 226 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатса, 117 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын аяқтап пайдалануға беру көзделуде»,-деді С.Полатов. Сонымен қатар, спикер 2017 жылдың қаңтар-наурыз айларында облыс аумағында  бағдарламаның барлық бағыттары бойынша 1758 пәтер яғни, 206,2 мың шаршы метр тұрғын үй тапсырылып, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 100,1%-ға орындалғанын атап өтті.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР