03-09-2021
18.3 C
Шымкент

Отырарда жүгері алқабының көлемі көбейеді

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Отырар ауданының әкімі Ерлан Айтаханов ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының Отырар ауданында жүзеге асырылуы мен ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі баспасөз конференциясында 2,5 мың гектар алқапқа жүгері егілетінін мәлімдеді. Отырар ауданын былтыр 5428 гектарға егістікке жүгері ексе, биыл оның көлемі 2,5 мың га артып, аталған дәнді дақыл түрі 8500 га егілмек. Отырар ауданының климаты  қарқынды бау өсіруге қолайсыз болса да жоспардағы 65 га орнына 77 га бау отырығызылып, жоспар 118,4 % орындалған. Жолдауда айтылған негізгі бағыт — кооперативтер ұйымдастыру жұмыстары шеңберінде ауданда өткен жылы 123 шаруа бірігіп 20 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылса, биыл 121 шаруа бірігіп, 13 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылып, жалпы саны 33-ке жетіпті. Тілшілермен кездесуде Е.Айтаханов ауданның ауыз су, табиғи газбен қамтамасыз ету, абаттандыру, жол, кәріз жүйесі, білім беру, денсаулық сақтау, туризм сынды салаларындағы жаңалықтарды да айтып берді. Мәліметінше, тиісті жұмыстар жоспар аясында атқарылуда.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР