03-09-2021
18.3 C
Шымкент

Сабантой -еңбек пен достық мерекесі

 ОҚО Кентау қаласындағы  «Кеншілер» саябағында татар және башқұрт халықтары үшін басты ұлттық мереке — Сабантой тойланды. Мерекені жергілікті тұрғындар ықыласпен атап өтті. Жиында алғы сөзді алған қала әкімінің орынбасары Р. Мыңбаев пен «Нұр Отан» партиясы Кентау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары С.Асылбеков мерекелік шараға қатысушыларды құттықтап өтті. Мерекелік шарада әсем әуендер шырқалып, татар-башқұрт халықтарының билері тарту етілді. Жалпы, сабан сөзінің көне мағынасы — «соқа». Яғни, сабантой — соқа тойы. Татар, башқұрт халықтары бастапқыда бұл мерекені егіс науқаны басталған кезде (сәуір айының аяғы) тойласа, бертініректе науқанның соңына (маусым айы) көшірген. Тарихшылардың айтуынша, бұл халықтар сабантойды, кем дегенде, 15-ғасырдан бері мерекелеп келеді деген деректер бар.                                    Жалпы, сабантой — түркі халықтарында (татар, башқұрт, ішінара қазақтарда) тойланатын мейрам. Егін жинау науқанынан кейін күзде өткізіледі. Сабантой мейрамы 20 ғасырдың 90-жылдарынан бастап Татарстан Республикасында мемлекеттік деңгейде аталып өтіледі. Мұнда ұлттық спорт түрлері: күрес, ат жарысы, жаяу жарыс өткізіледі. Ұлттық киімдерін киіп шыққан жастар ана тілінде ән айтып, би билейді. Ұлттық тағамдар әзірленіп, ұмытылып бара жатқан ұлттық дәстүрлерді еске түсіріп, театрлық қойылымдар көрсетеді

Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР