test
14-07-2024
32.3 C
Шымкент

«Шыған» кооперативі құрылды

2016 жылы алғашқылардың бірі болып Жібек Жолы ауылында егін шаруашылығы мақсатында » Шыған» ауылшарушылығы өндірістік кооперативі құрылды. «ONTUSTIK» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы Сайрам аудандық филиалы ұжымы кооперативтің рұқсат құжаттарын заңдастырып, бизнес жоспарын дайындап, «Ырыс» МҚҰ-нан 7 %-бен 5 400 000 теңге қаржы алуға көмек көрсеткен. Осыған орай бүгін «ONTUSTIK» кәсіпкерлік мектебінің ұйымдастыруымен өткен «Өсімдік шаруашылығы» оның ішінде сарымсақ егу тақырыбы бойынша тәжірибелік шеберлік сабағында Сайрам ауданының бір топ кәсіпкерлерінің қатысуымен егін алқабы басына барған болатынбыз. Кооператив төрағасы Жиенбаев Дамир 5 га жерге егілген сарымсақтан мол өнім алатынына сенімді екенін жәнеде мемлекетіміздің беріп отырған жеңілдіктеріне рахметі мен ризашылығын жеткізді.
Айта кетейік, Елбасы өз Жолдауында «аграрлық сектордың экономиканың жаңа драйверіне айналуы керектігін, Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің болашағы зор екендігін, көптеген позициялар бойынша біз әлемде ірі аграрлық экспорттық өнім өндірушілердің бірі бола алатынымызды, бұл, әсіресе, экологиялық таза тағамдарға қатысты екенін, сондай ақ, «Made in Kazakhstan» бренді сондай өнімдердің эталоны болуға тиістігін» айтқан болатын. Сондай ақ, бес жыл ішінде 500 мыңнан астам жеке үй шаруашылықтары мен шағын фермерлерді кооперативтерге тартуға мүмкіндік беретін жағдай жасау қажеттігі туралы Үкіметке тапсырма берген болатын.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР