test
07-07-2024
24.3 C
Шымкент

Қозы етін өндіру ісі ілгерілетілмек

Оңтүстік Қазақстан облысында «Ордабасы» қой тұқымының саны 125 мыңға жеткізілмек. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен етті-майлы ордабасы тұқымын өсірудің және қозы етін өндірудің озық технологияларына арналған баспасөз-конференциясында «Оңтүстік Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС Бас директорының мал шаруашылығы бойынша орынбасары Нұрадин Әлібаев мәлім етті. Онда спикер Елбасы Жолдауында айтылған аграрлық сектор экономиканың жаңа драйверіне айналуы керек деген тапсырмасына орай, алдағы 4 жылда яғни, 2021 жылға қарай «Ордабасы» қой тұқымының санын 125 мыңға жеткізу жоспарланып отырғанын атап өтті. Ол үшін арнайы бағдарламада жасалып жатыр. Бүгінде бәсекеге қабілетті Ордабасы қой тұқымы ауылшаруашылық өндірісіне кеңінен ендірілген, оның жалпы саны 75 мың бастан асса, ал таза тұқымдыларының саны 36 мыңнан астам басты құрап отыр. Алдағы уақытта қозы етіне құмартушылардың сұранысына орай аталған саланы ілгерілету басты міндет болмақ. Ол үшін жергілікті ғалымдарымыз жемісті еңбек етуде.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР