25-09-2021
14.3 C
Шымкент

«Сенімді ақтауға жұмыс жасаңыздар…»

Жуырда Оңтүстік Қазақстан облысының  әкімі Ж.Түймебаевтың төрағалығымен өткен аппараттық мәжілістің қорытындысымен аудан әкімдігінде жиналыс өтті. Күн тәртібінде экономика өсімінің нысаналы индикаторларының орындалуы, бюджеттің атқарылуы, мемлекеттік сатып алу барысы, «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық, сондай-ақ, қосымша мәселелер қаралды. Алдымен аудан әкімінің ауылшаруашылық саласына жауапты орынбасары Б.Омарбековтың баяндамасы тыңдалды. Мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы мен үшжақты келісім-шарттың бүгінгі көрсеткіші сараланды. Аудан әкімінің экономика саласына жетекшілік ететін орынбасары Ғ.Үсенбаев бюджет саласындағы шешілуі қажет түйткілдер жөнінде сөз қозғады. Сонымен қатар, Шұбарсу ауыл округінің әкімі А.Әбдірахимовтың, Қарақұм ауыл округінің әкімі М.Махалұлының 4 айда атқарған жұмысының есебі тыңдалып, проблемалық мәселелері талқыланды. Аудан әкімі А.Мамытбеков кенжелеген салалардың тірлігін саралай келе, кәсіпкерлікті дамыту, ауылшаруашылық, әлеуметтік салаларындағы проблеманы шешу бойынша ауыл әкімдеріне ескерту жасады. Орынбасарларына қалыптасқан жағдайға тиянақты талдау жүргізуді, облыс әкімі Ж.Түймебаевтың тапсырмаларының орындалу нәтижесі бойынша нақты ұсыныс әзірлеуді тапсырды.
«Өз міндеттеріңізді тиісті деңгейде орындаңыздар, Сіздерден одан артық ештеңе талап етілмейді. Кезінде сенім артылды, сол сенімді ақтауға жұмыс жасаңыздар», — деді аудан басшысы сөзін қортындылай келе.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР