03-09-2021
18.3 C
Шымкент

Ордабасыда атқарылған шаруа көп

Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Ордабасы ауданында іргелі кәсіпорындар көп. Солардың бірі «Ордабасы нан» ЖШС-і. Жуырда өндіріс орны автоматтандырылған жаңа технологиялы диірмені озық заманауи Түрік технологиясын енгізіп, жоғары сұрыпты бидай ұнын өндіретін толық автоматтандырылған диірменін іске қосты. Осы жылдың 4 айында 18 069 тонна бидай ұнын өндіріп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 119,4% құрады, облыс көлеміндегі үлесі — 8,4%. Кәсіпорынмен өндірілген өнімнің 10% — ішкі нарыққа, 90% экспортқа (Ауғанстан, Өзбекстан, Тәжікстан ) шығарылуда. Ал «Ордабасы құс» ЖШС-нің өнімін тұтынбайтындар кемде кем. Күрке тауық фабрикасы Израйль технологиясымен күрке тауық етін терең өңдеп есепті кезеңінде 2 633 тонна өндіріліп өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 107,2% құрады, облыс көлеміндегі үлесі — 99,8%. Кәсіпорын 30-дан астам өнім түрін өндіріп, 68% — ішкі нарыққа, 32% экспортқа Ресейге шығаруда. Өнеркәсіп саласында өндірілген өнімінің көлемі 5 млрд. 020 млн теңгеге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индекісі 105,2% құрады (4 орын), облыс көлемінде өндірілген өнеркәсіп өнімі көлеміндегі үлесі — 2,1 %.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР