03-09-2021
28.3 C
Шымкент

Жаңа жұмыс орындары ашылуда

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауындағы ІІ басымдық — «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру бойынша  ОҚО Ордабасы ауданында тиянақты тірліктер атқарылып келеді.  Ауданда кәсіпкерлікті дамыту бойынша тиісті шаралар қабылданып, жұмыстар атқарылуда. Кәсіпкер боламын деп ниеттенген азаматтар кәсіби оқуға құжат тапсыруда. Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша қысқа мерзімді оқытуға 443 азаматты (327 қысқа мерзімді, 116 кәсіби оқыту) оқыту жоспарланып мамыр айында 131 азамат, маусым айында 196 азамат жолданады. Кәсіби оқыту қыркүйек айында жүзеге аспақ. Бағдарламаның екінші бағыты «Кәсіпкерлік бастамашылықты ынталандыру» аясында 40 адамға 101,5 млн. теңге несие беріліп, 50 жаңа жұмыс орындары ашылды. Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде бос және жаңа жұмыс орындарына тұрақты жұмыспен қамту бойынша бүгінгі таңда 547 азамат жолдама алды. Әлеуметтік жұмыс орындарын ашу бойынша, 180 адам, 59 жұмыс берушіге, әлеуметтік жұмыс орындарына жолданды. Жастар практикасын ұйымдастыру бойынша 106 жас маман 49 мекемеде тағлымдамадан өтті.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР