test
10-07-2024
34.3 C
Шымкент

Түркістанда тұрғын үйлер салынуда

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түркістан қаласында биыл 8 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Жақын арада құрылыс біткен соң 500-ге тарта отбасы баспана тойын тойламақ. Түркі жұртының атажұрты атанған Түркістанда ықшам аудандардың атауы да қазақы ұғымға сай, тарихи атаумен аталады. «Отырар», «Сауран» атты шағын аудандарда бүгінде құрылыс қарқында жүргізілуде. Жуырда  қала әкімі шағын аудандарда жүргізіліп жатқан құрылыс барысымен танысты. Ең алдымен тұрғын үйлердің сапас қатаң бақылауда болатынын жауаптыларға ескертті. тұлғаларға сапаға мән беру керектігін тапсырды. Алдағы уақытта аталған шағын аудандарда 100-ге жуық үй салынбақ. Облыстағы іргелі қалалардың бірі саналатын Түркістанда «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» автодәлізін кесіп өтетін күре жол биыл салынбақ. Қала әкімі «Сауран» шағын ауданындағы жаңадан салынып жатқан мектеп ғимараты құрылысымен де танысты. Қаланың батыс бөлігінде орналасқан индустриалды аймақта болып өнеркәсіп орындарының жұмысымен танысты. Қаладан бөлек облыс экономикасына қомақты үлес қосатын кәсіпорындарды аралап көрді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР