16-04-2024
13.3 C
Шымкент

Уран өндірісі қарқынды даму үстінде

Елбасының биылғы Жолдауында Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөнінде жан-жақты айтылған болатын. Осыны жүзеге асыру үшін өнеркәсіп ұжымы Ұлттық атом компаниясын цифрландыру жұмысын жүйелі атқаруда. Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Созақ ауданында уран өндіріс қарқынды даму үстінде. «Уран өндірісіне роботтандыру және цифрлық технологияны ендіру қажет». «ҚазАтомөнеркәсіп» Ұлттық Атом компаниясының басшылығы осылай дейді.  Кәсіпорын қазірдің өзінде өнідірістегі түрлі датчиктерден келіп түсетін ауқымды ақпараттарды жинап, өңдеу ісін жолға қойған. Былтыр «ҚазАтомөнеркәсіп-Са Уран» кәсіпорны «Цифрлық кеніш» жобасын өндіріске енгізген болатын. Бұл жүйе деректерді жинап, өндірістік процесті оңтайландырады. Жабдықтардың бос тұруын қысқартып, штаттан тыс оқиғаларды анықтайды. Асқар Жұмағалиев — «ҚазАтомӨнеркәсіп» ҰАК» басқарма төрағасы Ғалымдардың болжамынша, 2025 жылға қарай «Цифрлық кеніш» жобасынан түскен экономикалық тиімділік 12 млрд. теңгеге жетеді. Уран өндірісінде қазір дайын өнімді ыдысқа салу желісін роботтандыру жұмысы жүргізіліп жатыр. Жоба нәтижесін берсе, бұл салада жұмысшыларға  деген қажеттілік азаяды. Биылғы жылдың аяғына дейін уран өндірушілер құлтемірлерді қолданысқа енгізеді. Өндірістік нысандарға дрон қондырғысы жүк жеткізетін болады. Бұл уран өндіру саласындағы барлық жұмысты жеңілдетпек. Әрі өндіруге кететін шығын көлемін де азайтпақ.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР