05-09-2021
20.3 C
Шымкент

Арыста ауқымды істер көп

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев 74 мыңнан астам халқы бар Арыс қаласында жұмыс сапарымен болып, жергілікті маңызы бар бірқатар нысандардың тыныс-тіршілігімен танысты.
Ең алдымен өңір басшысы жылыжай өсіруді 25 соттықтан бастаған жеке кәсіпкер Рахымжан Кенжебаевтің шаруашылығында болып, жылыжайды аралап көрді. Ондағы жұмыс барысымен таныстырған кәсіпорын төрағасы 2,5 гектар болатын жылыжай көлемін күз айында 5 гектарға дейін ұлғайтатынын айтты. Елімізді жыл он екі ай көкөніспен қамтамасыз ету көктемі ерте келетін егіншілікке ауа-райы қолайлы —  Оңтүстің еншісінде екенін айтқан әкім шаруашылық иесінің бұл жоспарын қолдап қуаттады. Сондай-ақ, ол мемлекеттен тиісті көмек пен қолдау көрсетілетінін атап өтті.
Айта кетейік, өткен жылы жылыжайдан 50 тонна қызанақ, 25 тонна қияр жиналған болса, бүгінгі күнге 2 га жерге егілген қызанақтан 85 тонна өнім жиналды. Ал мемлекеттен алған субсидия көлемі  2,6 млн теңгені құрайды.
Мұнан соң, аймақ басшысы  жаңа технологияны ендіріп, 600 гектар жерді жаңбырлату әдісімен суғарып отырған «Жаңа Ақдала» Агрофирмасы» ЖШС-нің егістік алқабымен танысты. Жаңа технологияны таныстырған серіктестік басшысы  бұл  әдіс арқылы шаруалар  ағын суды үнемдеп қана қоймай, өнім көлемін де арттыруға болатынын жеткізді.
Ақдала ауылдық округінде орналасқан серіктестік биыл өзіне қарасты егістік жерлерді игеру үшін Германияның BOUER компаниясынан шыққан жаңбырлатып суғару әдісін қолданып отыр.   Оның әрқайсысы бір орында 60 гектар жерді суғаруға мүмкіндігі бар.  Шаруашылық құны 67 мың еуро тұратын құрылғының 7 данасын алып, іске қосқан. Жаңбырлатып суару әдісінің тиімділігі өте көп. Мәселен,  үлкен жерлерді суғаруға тиімді, екіншіден  су үнемделіп, жұмыс күші көп қажет етілмейді. Үшіншіден бір мезгілде суғарылып, тегіс мол өнім алуға мүмкіндік туады екен.
Жұмыс сапары барысында облыс әкімі тәулігіне 120 тонна ұн шығаратын  жеке кәсіпкер Б.Сарбасовтың ұн диірменінде болды. Серіктестік иесі өндірістің көлемін арттыру мақсатында қосымша қаржы көздері арқылы жаңа диірмен орнатқанын айтып, нәтижесінде өнім көлемін екі есеге арттырғанын жеткізді.
Кәсіпкер жанындағы  наубайханада күндігіне  3 мың дана бөлке нан шығарып, қасындағы наубайхана дүкенінде қаладағы ең арзан нанды сатады.
Сапар соңында облыс әкімі Ж.Түймебаев Арыс қаласының басшысына кейбір шешімін күткен мәселелерге назар аударып, оның шешу жолдарын қарастыруды және тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытындағы жұмыстарды жандандыруды айтты.
 ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР