04-09-2021
24.3 C
Шымкент

Екі ауылдың шаруаларына ортақ МТС қызмет көрсетеді

Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауындағы бірінші бағыт бойынша еңбек өнімділігін арттыру бағытындағы аватоматтандыру, жаңа иновациялық әдістерді енгізу, шағын фермерлерді копперативтерге біріктіру, суармалы егіс алаңын ұлғайту міндеттерін орындау мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысындағы Ордабасы ауданында бірқатар жұмыстар атқарылды. Бүгінгі таңда «Сейхун САТ Агро Систем» МТС жобасы қолға алынып, екі ауыл округіне (Қарақұм, Қараспан а/о) қарасты шаруашылықтардың көктемгі дала жұмыстарынан бастап, күзгі жиын терін науқанына техникалық қызмет көрсетіп отыр. Бұл бағыт бойынша қосымша жаңа 22 ауыл шаруашылығы техникаларын алу жоспарланды. Ауыл ауылдардағы шаруа қожалықтары алысқа сабылмай жақын жердегі МТС қызметіне жүгінеді. Оның үстіне күзгі жиын терім кезінде пайда тапқан шаруалар мен диқандар ауыл шаруашылық техникаларын толықтай жаңартуға қол жеткізіп отыр. Ағымдағы жылдың 4 айында 13 ауыл шаруашылық кооперативі құрылды. Оның ет бағытында -4 кооператив, сүт бағытында -3 кооператив, дәстүрлі бағытта-6 кооператив. Жалпы 2016-2017 жылдары 23 ауыл шаруашылық кооперативтері құрылып, жұмыс жүргізуде.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР