03-09-2021
32.3 C
Шымкент

Мүмкіндігі шексіз жандар…

Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өнерлерін қолдау мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен және «Асыл әлем» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен «ЖЕҢІСКЕ БІРГЕ!» атты Көрме-Сатылымы Шымкент қаласында «Кең баба» саябағында өткізілді.
Көрме-сатылымның басты мақсаты — мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өз қолдарымен жасаған қолөнер бұйымдарын халыққа паш етіп, оларды сату арқылы азаматтарға қолдау көмек көрсету, халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарына әлеуметтік қолдау көрсету бағытында мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар мен бизнес құрылымдар арасында өзара қарым-қатынастарды орнату.Аталған іс-шараға облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына және облыстық білім басқармасына қарасты жалпы 20 мекеменің мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жасаған бұйымдары ұсынылды.  Жалпы 196 мүгедек қолымен 306 бұйымдар дайындалды, болжамдық құны 1155,0 мың теңгені құрайды.
Сонымен қатар, іс-шара барысында Көрмеге қатысушылар мастер – класс көрсетілді. Іс-шара барысында мекемелерінің тәрбиеленушілері концерттік бағдарлама көрсетті. Мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау мақсатында алдағы уақытта да мұндай көрме жәрмеңкелер көптеп ұйымдастырылатын болады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР