06-09-2021
22.3 C
Шымкент

Манкентте жаңа мектеп

Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Сайрам ауданындағы Манкентте жаңа мектеп ел игілігіне берілді. Бұған ауыл тұрғындарының қуанышында шек жоқ. Енді балалар заманауи талаптарға сай, кең де жарық, жақсы мектепте білім алатын болады. Балаларды қорғаудың Халықаралық күніне орай ауданымызда болашақ ел азаматтары үшін көптеген іс-шаралардың ұйымдастырылғаны белгілі. Осындай айта жүрер оқиғалардың бірі — 200 оқушыға арналған Манкенттегі Айша бибі атындағы мектептің жаңа ғимаратының ашылуы. Жаңа мектепте осы заманға лайықты барлық жағдай жасалған. Құрылыстың сметалық құны 388523,0 мың теңгені құраған. Білім ошағы 1 гектар жерге орын тепкен. Құрылысты «Saulet Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген. Жаңа ғимаратының ашылуына ауданымыздың Құрметті азаматы, қоғам қайраткері Р.Халмұрадов, аудан әкімі С.Сапарбаев, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының орынбасары М.Қалыбаева және А.Исахов, Ф.Алиқулов сынды аудандық мәслихаттың депутаттары қатысты. Білім ғимаратының ашылу салтанатында ата-аналар да өз қуаныштарын білдіріп, жергілікті билікке алғыстарын жеткізді. Айта кету керек Айша бибі мектебінде бүгінде 400 бала білім алуда.

«Мәртөбе-ақпарат»

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР