Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Арыс қалалық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен, қала әкімінің орынбасары Р.Айтбаев пен қалалық «Ардагерлер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Б.Исламбеков қаламыздағы қоғамдық келісімді сақтауға, ұлтаралық ынтымақты нығайтуға айтарлықтай үлес қосып жүрген бірқатар этномәдени орталық өкілдерін, атап айтқанда татар-башқұрт этномәдени орталығының өкілі Бердібаева Зүбәржәт Мансұрқызын, өзбек этномәдени орталығының өкілі Абдурашитов Абдыкарим Шүкірұлын, славян этномәдени орталығының Сушева Валентина Дмитриевнаны, иран-әзірбайжан этномәдени орталығының өкілі Алиаскаров Ахмет Алиаскароглын Арыс қаласы әкімі М.Қадырбектің «Алғыс хатымен» және кәдесыйлармен марапаттады. Шара барысында этнос өкілдері қиын-қыстау кезеңдерде қол ұшын беріп, өсіп-өнулеріне, тілі мен дінінің сақталуына жағдай жасаған Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа, Қазақ еліне деген ыстық ықыластарын білдіріп, жылы лебіздерін жеткізді. Әр этнос өкілдері әннен шашу шашып, ұлттық билерін билеп, тағамдарын ұсынды. Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға атсалысып жүрген ағайынды құттықтаған қала әкіміне алғыстарын білдірді.
Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі.