12-09-2021
25.3 C
Шымкент

Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – парыз

Оңтүстік Қазақстан облыстық «Қоғамдық келісім» КММ-де 4 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күніне орай «Рәміздер — мақтанышым!» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастырған жиынға өңірдегі ассамблея мүшелері, ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ОҚО бойынша департаментінің қызметкерлері, ғалымдар, этномәдени бірлестіктердің төрағалары қатысты.
Жиынға қатысушыларды маңызды мерекемен құттықтаған облыстық «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Ербол Байқонақов мемлекеттік рәміздер тәуелсіздігіміздің мызғымас негіздерінің бірі екенін айтып өтті.
Одан әрі дөңгелек үстел басындағылар мемлекеттік рәміздеріміз — Әнұран, Ту, Елтаңбаны құрметтеу, сол арқылы патриотизмді дамыту, өскелең ұрпақты Тәуелсіздікті қорғауға тәрбиелеу, барша этностарды қазақ халқының төңірегіне топтастыра отырып ел бірлігін нығайту жайын сөз етті. Әрдайым түрлі этнос өкілдерінің басын қосып, достықты дәріптеп, татулыққа үндейтін аталмыш мекеме бұл жолы да игілікті шараның ұйымдастырылуына ұйытқы болды. Алдағы уақытта да еліміз үшін маңызды іс шараларды өткізуден шет қалмайды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР