11-05-2024
12.3 C
Шымкент

Теңдесі жоқ кардиоорталық ашылады

Шымкентте Қазақстанда теңдесі жоқ кардиологиялық орталық ашылмақ. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының хатшысы Зауытбек Тұрысбеков хабарлады. Ол үшін күні кеше партияның облыстық филиал ғимаратында үшжақты келісімге қол қойылды. Қазақстан, Украина мен Швейцария арасында түзілген келіссөз халықаралық медицинаның өркендеуіне жол ашпақ. Игі бастама ең алдымен, қазақстандықтар үшін тиімді. Бұдан былай,  жүрегінде ахауы бар жандар шетел шықпай,  өз жерімізде сапалы медициналық көмекті алмақ.   Әрі емдеу мен ота жасату құнын мемлекет өтейтін болады. Игі іске қолдау білдіруге украиналықтар белсенді.   Ал, кардиологиялық орталықтың дәл Шымкентте бой тіктеуі  демографиялық саясатпен байланысты. Өңірде өсім мықты.  Оның үстіне мың сәбидің 10-ы жүрек сырқатымен туылатын көрінеді. Ересектердің өзін алып қарағанда, 60 пайызы жүрек-қан тамыр ауруларымен есепте тұрады. Сондықтан да бұл үлкен мүмкіндіктің жаршысы, — дейді Зауытбек Тұрысбеков. -Бұл – келешектің еншісінде. Біз осы келіссөзді жүргізудің өзіне 1 жыл уақыт жұмсадық. Ендігісі – жергілікті биліктің қолында. Біз барынша бұл істі жеделдетіп қолға алуымыз керек. Азаматтардың денсаулығы – біздің Елбасымыздың өзінің тікелей қадағалауында. Ол кісі азаматтардың өмір сүру деңгейін 3 жылға дейін арттыруды да тапсырған болатын. Сондықтан да бұл көпжылдық жемісті жұмыстың іргетасы болмақ,- дейді ол.

П.Биназарқызы

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР