test
14-07-2024
32.3 C
Шымкент

Тегін билеттер таратты

Түркістандық балалардың болашақтың жасыл энергиясымен танысуына ауданнан сайланған облыстық мәслихат депутаттары ықпал етуде. Шорнақ ауылдық округінің тумасы, осы елдімекендегі орта мектептің түлегі Сүлеймен Баймаханов туған ел алдында парызын адал өтеді, — дейді жерлестері. Өйткені, әлемдік деңгейде маңызы орасан шараға тегін билет беру болашаққа жасалған баянды іс екенін айтады. Халық қалаулысы бұған дейін ауыл-аймақтардағы көшелердің жөнделуіне, жергілікті жердегі мектептердің құрылысына мейлінше қолдау білдірген. Ауылдастарымен жүздесіп, емен-жарқын әңгімелескен Сүлеймен Баймаханов өз кезегінде «ЭКСПО» көрмесінің маңыздылығын атап өтті. Жыл санап көркейген Қазақстанның алдағы жоспарларына шолу жасады. Астанаға әлем көз тігетін сынақты мерзімде ауызбіршілігімізді танытып, Елорда төріндегі тарихи жылнамаға біркісідей атсалысуға шақырды.

Айта кетейік, EXPO-2017 жылы 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өтеді. Халықаралық көрмеде әрбір мемлекет өздерінің павильондарын 25 га жер көлеміне салатын болады. Бұл көрмеге 5 млн.-нан астам адам келеді деп жоспарлануда. Әрбір келген адам 130 $ ақша әкелетінін ескерсек, бізге түсетін пайда 520–910 млн.-ға дейін жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР