Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру, Оңтүстік Қазақстан облысының 85 жылдығына, «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне, «Түркістан
2017 жыл – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылына орай «Туған жер – алтын бесігім»облыстық фестиваліне қатысушы Ордабасы ауданының Шымкент қаласындағы күні өтуде. Аталған фестиваль аясында Ордабасы ауданының Темірлан ауылынан басталған автошеру Шымкент қаласындағы Əл Фараби алаңына табан тіреді.
«Туған жер-алтын бесігім» фестивалінің ашылу салтанатын аудан әкімі Алмасбек Мамытбеков ашып берді. Шара аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына жалғасып, мектеп оқушыларынан құралған 80-нен аса қатысушы флешмоб биі тамашаланды.
Фестиваль аясында «Ән салдырған-ауылым» Жеңіс, Бөген, Бөржар ауылдық мәдениет үйлері көркемөнерпаздарының концерті жəне «Отырар» облыстық ғылыми — əмбебап кітапханасында Ордабасы ауданының түлегі, ақын – жазушы, қоғам қайраткері Әкім Ысқақпен кездесу өтуде.
Сонымен қатар, іс-шаралар Ордабасы ауданынан шыққан жергілікті ақын — сазгерлердің шығармаларынан «Ордабасы» фольклорлық ансамблінің «Туған ел әуендері» атты шығармашылық концерті (Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармония), аудандағы ұлттық мәдени орталықтардың «Бірлігіміз жарасқан» мерекелік концерті (Абай саябағы), «Ордабасы оттары» газеті жанындағы Д.Нақимов атындағы әдебиет және өнер бірлестігінің шығармагерлерімен кездесу (А.С.Пушкин атындағы кітапхана), «Темірлан» халық театрының қойылымы (Ж.Шанин театры), аудан тыныс-тіршілігі мен «ЭКСПО-2017» атты өнертапқыш оқушылардың қолөнер бұйымдары («Наурыз» алаңы), түрлі ұлттық салт- дәстүрлер көріністері және ұлттық спорт ойындары («Наурыз» алаңы), Ордабасы ауданы туралы деректі фильм («Наурыз» алаңы), Ордабасы ауданы көркемөнерпаздарының қорытынды гала концертіне ұласады.