test
10-07-2024
27.3 C
Шымкент

Елдікке шақырып, тұтастыққа ұйыстырған

1992 жылғы 4-маусым Қазақстан Республикасы тарихындағы ерекше мәртебелі күн. Бұл күні еліміздің Туы, Елтаңбасы, Гимні айшықталып, бекітілді. Осы тарихи датаға орай, бүгін Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Ордабасы ауданында салтанатты жиын өтті. Ордабасы ауданының  әкімі Алмасбек Мамытбеков тұрғындарды айтулы мерекемен құттықтап, мемлекеттік рәміздер құндылығы жөнінде сөз қозғады. Көпшіліктің назарына деректі фильм ұсынылып, мемлекеттік төлсипат мәртебесі ұлықталды. Рәміздер әр мемлекеттің тәуелсіздігін білдірумен қатар, елдікке шақыратын, тұтастыққа ұйыстыратын, бірлікке үндейтін, патриоттық сезімді оятатын, ұлттық дәстүр мен ұрпақтар сабақтастығы рухында тәрбиелейтін айшықты белгілер саналады. Ересектермен қатар балабақша бүлдіршіндері де бұл мерекеге үлесін қосып, ақ тілегін жолдады. «Біздің Ту, біздің Елтаңба, біздің Гимн!» деп ұрандатқан ұл-қыздар көпшіліктің қошеметіне бөленді. Рәміздерді құрметтеу бүлдіршіндерді жастайынан патриотизмге дәріптеудің төте жолы екендігі анық. Сондықтан да мұндай жиындап көптеп ұйымдастырылуы қажет. Салтанатты жиын аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының концертіне ұласты.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР