15-04-2024
14.3 C
Шымкент

Патриотизмнің негізі…

Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Сарыағаш ауданында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне 25 жыл толуына арналған «Рәміздерім-мақтанышым» атты мерекелік іс-шара болып өтті. Бұл айтулы датаны Сарыағаш ауданының халқы ерекше ілтипатпен қарсы алды. Мерекелік іс-шара авто шерулер мен шабандоздардың ұлттық нақышта киінген патриоттық шерулерімен басталып, «Жеңіс саябағындағы» салтанатты іс-шарамен жалғасын тапты. Іс-шарада сөз алған ауданның ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Қозыбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Сүлейменов, ауданның төбе биі Р.Оспанов аудан халқын мерейлі мерекемен құттықтап, мемлекеттік рәміздер біздің ұлттық мақтанышымыз және елдік пен егемендікті айқындайтын айтулы дата екендігін атап өтті. Сондай ақ, аудан басшысы ауданның орталық ауруханасында болып, ондағы перзентхана бөлімінде жатқан аналармен дүниеге жаңадан келген нәрестелерді мерекемен құттықтап, сый-сияпаттарын тапсырды. Мекеменің жұмысымен танысқан аудан әкімі ондағы перзенхана қызметкерлеріне балдар біздің болашағымыз оларды дүниеге келесалуымен күтіп баптап, жас аналарға дұрыс кеңес беру Сіздердің міндеттеріңіз деп ескертті.

Сарыағаш ауданы әкімінің
баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР