09-09-2021
27.3 C
Шымкент

«Мемлекеттік рәміздер – елдігіміздің нышаны»

ОҚО дағы Түркістан қаласында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі 4 маусым – Қазақстан Республикасының Рәміздер күні мерекесіне орай «Түркістан тарихы» музейінде «Мемлекеттік рәміздер – елдігіміздің нышаны» тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Биыл Мемлекеттік рәміздерге 25 жыл толып отыр. Елбасымыз Н. Назарбаев 1992 жылы 4 маусымда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы туралы», «Қазақстан Республикасының елтаңбасы туралы» және «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының музыкалық редакциясы туралы» Заңға қол қойды. Сол күні Президент резиденциясы мен Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің алдына Мемлекеттік ту тігіліп, елтаңба ілінді. 1992 жылдың 11 желтоқсанында Мемлекеттік әнұранның мәтіні бекітілді. Сонынан мемлекеттік рәміздер туралы ереже 1996 жылғы 24 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» арнайы конституциялық заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен айқындалды.  Көрме экспозициясына мемлекеттік рәміздер – ту, елтаңба, әнұран авторларына қатысты бірегей фото суреттер мен Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттік рәміздерге қол қойған Жарлықтары және қаламынан туындаған еңбектері көпшілік назарына ұсынылды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР