18-04-2024
16.3 C
Шымкент

Кентауда тұрғын үйлер ретке келтірілуде

Оңтүстік Қазақстан облысы және қала әкімдерінің тапсырмасына сәйкес Кентау қаласы және оған қарасты ауылдардағы көпқабатты және жеке тұрғын үйлердің сыртқы келбетін, қоршауын ретке келтіру бойынша, жалпы 4 ауылда 205 жеке тұрғын үйлердің қаскелбеттері мен қоршау шарбақтары қалпына келтірілді. Кентау қаласы бойынша 2017 жылы көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттерін реттеу жұмыстарын қажет ететін жалпы 84 үй, оның ішінде «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының» тұрғын үй қорын жаңғырту тетігі аясында 37 үй, «Әлеуметтік бизнес, демеушілер есебінен» 47 үй ретке келтіріледі.Қазіргі таңда 7 көпқабатты тұрғын үйлердің қаскелбеттері ретке келтіруде.Айта кетейік, ҚР «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасы аясында (тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту саласы бойынша) 2015 жылы Кентау қаласында күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланған 37 көпқабатты тұрғын үйлердің барлық құжаттары дайындалып, жоғарғы органдарға ұсынылған болатын. Алайда 2015ж-2016ж. қаржы дағдарысы объективті жағдайға байланысты Республикалық бюджеттен қаржы бөлінбеді. 2017 жылы облыстық бюджеттен бүгінгі таңда 17 көпқабатты тұрғын үйлерге 66 682,0 мың тг, бөлінсе, дайындалған жобалау сметалық құжаттамаларға жергілікті бюджеттен 3 472,0 мың тг. бөлініп отыр. Қалған 20 көпқабаттты тұрғын үйлердің қаржысы ағымдағы жылы III-тоқсанда облыстық бюджетті нақтылауда қаралады деп күтілуде

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР