25-04-2022
16.3 C
Шымкент

«Ортеке» V Халықаралық қуыршақ театрларының фестивалі ЭКСПО-ға арналды

«Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы мен «ЭКСПО 2017» Халықаралық көрмесі аясында ағымдағы жылдың 6-9 маусымы аралығында Түркістан — Шымкент қалаларында өтетін «Ортеке» V Халықаралық қуыршақ театрларының фестивалінің ашылу салтанаты өтті.
Шарада ОҚО мəдениет басқармасының басшысы Ахметжанов Нұрболат Қадырұлы фестиваль қатысушылары мен кішкене көрермендерді Түркі елдеріне ортақ айтулы күнмен құттықтады.
Салтанатты ашылу рəсімі С. Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық-драма театрының қуыршақ труппасының қазақ халық ертегісі желісінде құрылған «Қаңбақ шал» қойылымына жалғасты.
«Ортеке» Халықаралық фестивалінің мақсаты – кәсіби қуыршақ өнерін көпшілікке таныту, аймақаралық ынтымақтастық пен кәсіби қуыршақ өнері саласындағы халықаралық мәдени байланысты нығайту, дарынды әртістер мен режиссерлерді анықтап, ынталандыру, қуыршақ өнері актерлерінің кәсіби және орындаушылық шеберлігі деңгейін арттыру, отандық қуыршақ өнерінің дамуына жағдай жасау болып табылады.
Фестиваль аясында Түркістан – Шымкент қалаларының тұрғындары мен қонақтары: М. Жанғазиев атындағы Қырғыз мемлекеттік қуыршақ театры, Абдолла Шаиг атындағы Әзірбайжан мемлекеттік қуыршақ театры, Түркиядан Адана қалалық муниципалдық театры мен және «Қаракөз» театрлары, сонымен қатар Ақтөбе облыстық «Алақай» қуыршақ театры, Маңғыстау облыстық қуыршақ театры, Оңтүстік Қазақстан облыстық қуыршақ театры және С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық драма театры ұжымдарының орындауында қазақстандық және шетелдік авторлардың туындыларын тамашалай алады.
Осы орайда, барлық спектакль көрсетілімдерінің құрамына режиссер, Астана қаласы Қуыршақ театрының көркемдік жетекшісі, ҚР еңбек сіңірген әртісі Ешмұратова Құралай Халекетқызы (Қазақстан), UNİMA Халықаралық қуыршақ театрлары одағының Түркиядағы мүшесі, сыншы, қуыршақ театрларын зерттеуші-жазушы Озхан Мевлут (Түркия), Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, Орынбор облыстық қуыршақ театрының көркемдік жетекшісі Смирнов Вадим Александрович (Ресей), Алматы қаласы Мемлекеттік қуыршақ театрының актрисасы, ҚР еңбек сіңірген артисі Сабила Абуева (Қазақстан), Д. Танасоглу атындағы Гагауыз ұлттық театрының директоры Михаил Константинов ( Молдова) төрелік ететін болады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР