12-04-2022
22.3 C
Шымкент

Түлектер туған жеріне демеушілік көрсетті

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарабевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын ОҚО тұрғындары оқып қана қоймастан, нақты істерімен қолдау көрсетуде. Мемлекетіміз үшін аса маңызды саналатын осынау мақаланың бір тарауы – «Таяу жылдардағы міндеттер» деп аталады. Мұндағы латын әліпбиіне көшу, жаңа гуманитарлық білім жобаларымен қатар «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды Елбасымыз баршамызға міндеттеп, жүктеп отыр. Мақалада қазақтың «Туған жерге туыңды тік» деп аталатын мақалына орай адамзат баласындағы патриотизм сезімі кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталатынын атап көрсетеді.
Міне, осы «Туған жерге туыңды тік» тақырыбының аясында Шардара қаласындағы орта мектептерді бұдан он, жиырма жыл бұрын бітірген түлектер ұстаздарымен қауышуға оралғанда өздерінің алтын ұяларына да қол ұштарын созып, демеушілік шараларын жасауда. Айталық, М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебін бұдан он жыл бұрын бітірген түлектер өздері оқыған сыныптарын әктеп-сырлап, келесі жаңа оқу жылына даярлап берсе, Шардара мектеп-лицейін бітірген 10-20 жыл бұрын бітірген түлектер де мектептің ішіндегі шағын оқу орталығын күрделі жөндеуден өткізіп, бос жатқан кабинетті арнайы құрал-саймандармен жабдықтап, спорт залға айналдырып беріпті. Ал, тағы бір он жылдық түлектер мектеп ішінен заманауи үлгідегі әжетхана, жуынатын бөлмелерді салып, сыйға тартқанына ұстаздар қауымы дән риза.
-Біздің Шардара мектеп-лицейінен түлеп ұшқан азаматтар осындай өнегелі іс-шараларды көптеп жасап, өзгелерге үлгі көрсетумен келеді. Бір түлектер мектеп дәлізіне линоленуим төсеп берсе, тағы бір тобы кабинеттерді еурожөндеуден өткізіп жатыр. «Туған жерге туыңды тік» тақырыбымен осындай азаматтық жасап жатқан түлектерімізге тек алғысымызды білдіреміз, — дейді директордың тәрбие ісі жөніндегі орныбасары Гүлзакира Исаева.
Қаладағы іргелі білім ордасының бірі – М.Горький атындағы жалпы орта мектебі. Мұнда ата-аналар комитеті мұғалімдермен тығыз байланыса отырып жұмыс жасайды. Мектептегі ата-аналар комитетінің мүшесі Евгения Николаевна Катигробова үш бірдей баласы осында оқитынын айтады.
-Бір балам 2 «Б», бір балам 6 «Б», тағы бір балам 10 «А» сыныбында оқиды. Біз жыл бойына ата-аналармен жиі бас қосып, мектеппен қоян-қолтық араласып тірлік жасаймыз. Өзіміздің перзенттеріміз осында блім алып жатқандықтан шамамызға қарай жәрдемдесіп отырамыз. Мектепте өткен іс-шараларға, мектеп ауласын көгалдандыру тірліктеріне бір кісідей атсалысып тұрамыз, — дейді Евгения Николаевна.
Дәл осындай демеушілер есебінен жасалатын игі шаралар аудандағы өзге де мектептерде жалғасын табуда.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР