test
08-07-2024
29.3 C
Шымкент

Мәңгілік Елдің ұланы болуға тәрбиелейді

Елдегі ұлтаралық татулықты сақтап, оны жеткіншектердің бойына сіңіру балабақшадан басталады. Осындай бастаманы көтерген түлкібастық тәрбиешілер «Мерей» балабақшасында бас қосты. Бүлдіршіндердің өнері мен білімін тамашалаған ұстаздар өзара тәжірибе алмасып, балабақша әдістемесіндегі жаңашылдықтармен бөлісті. Тәрбие басы – тал бесіктен. Балабақшада алған тәрбие балдырған шақтан… есейіп, ер жеткенге дейінгі адам өміріне берік ірге болады.  Азаматтар үшін игі қасиет ізгі амалмен өмір сүру, ұлтаралық татулықта болу.  Түлкібастық ұстаздардың бүлдіршіндерді осы бағытта тәрбиелеуде білімі нық. «Мерей» балабақшасының бүлдіршіндері өнер мен білімге құштар. Талшыбықтай бұралған биімен, өрісі кең білімімен семинарға қатысушыларды тәнті етті. Бүгінде аталмыш балабақша қабырғасында 100-ден астам бүлдіршін тәрбиеленуде. Біліктілігі мен білімі шыңдалған 30 ұстаз балаларды Отанды сүюге барынша баулиды. Қазіргі қажеттілікке сай рухани жаңғыру талаптарын кейінгі толқынға сіңіру – еселі еңбектің бір парасы. Ашылғанына небары 5 жыл болғанына қарамастан,  бөбекжай қызметкерлері мен тәрбиеленушілері облыстық сайыстарда топ жарып, алдыңғы шептен көрініп келеді. Алдағы жоспарлары да ауқымды. Бірінші мақсат – елдегі ұлтаралық татулықты сақтай отырып, бөбектерді Мәңгілік елдің ұланы болуға тәрбиелеу.

Н.КЕРІМБАЕВ

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР