07-09-2021
21.3 C
Шымкент

Кәсіпкерліктің көкжиегі кең

ОҚО дағы Мақтарал ауданында кәсіпкерлік көкжиегі кеңеюде. Бизнес бастаймын деген азаматтарға «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы мен «Ырыс» қаржы ұйымы қолдау көрсетуде. Халыққа кәсіпкерліктің тиімді тұстарын насихаттау мақсатында арнайы пресс-тур ұйымдастырылды. БАҚ өкілдері 4 нысанды аралап, олардың атқарып жатқан жұмыстарымен танысты. Мақтарал ауданында өткен жылы 449 жобаға  797 млн. теңге несие берілген. Ал, биыл 77 жоба мақұлданып, 188 млн. теңге бөлініп отыр. Егістікті әртараптандыруға 113 млн. теңге қарастырылса, жылыжай шаруашылығын дамытуға 7,5 млн. теңге несие берілген.«Сапа-Инвест» ЖШС-і ағаш-жоңқа плиталарын жасаумен айналысады. Кәсіпорын 2013 жылы «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығынан 285 млн. теңге несие алып, қалдықсыз  өнім өндіріп отыр. Шет елден сұраныс түссе, мамандар өнім көлемін 2 есеге ұлғайтпақ.«Азамат» шаруа қожалығы 2016 жылы 4 млн. теңге несие алып, бүгінде балараның бір ұяшығынан 40 литрге жуық өнім алуда. Табиғи таза балды мектептерге, балабақшаларға және «Техас бал» қауымдастығына өткізуде.  Аспан асты елінен биылдың өзінде 100 мың тонна балға тапсырыс түсіп отыр. Ал, «Бақытжан» мекемесі ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алуға 2012 жылы 26 млн. теңге алып, лизинг арқылы егіншілік техникаларымен толық қамтылған.Аграрлы аймақта жылыжайды дамыту ісі де қарқын алған.  «Ырыс»  қаржы ұйымы 36 жобаға қолдау көрсетіп, 130 млн. теңге несие берген. Ал, құс шаруашылығы бойынша 4 жоба мақұлданған.

Саттар ЕСІМБЕКОВ

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР