18-09-2021
33.3 C
Шымкент

57 елдімекен көгілдір отынмен қамтылады

Оңтүстік Қазақстан облысында биылғы жылы 57 елді мекен көгілдір отынмен қамтылады. Осы мақсатқа облыстық бюджеттен 14,1 млрд теңге жұмсалмақ. Бұл туралы аймақ басшысы Жансейіт Түймебаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі. Айта кетейік, бүгінде облыста 844 елді мекеннің 300-і табиғи газбен қамтамасыз етілген. Яғни бұл өңірдің 1 755 307 тұрғыны көгілдір отынға қол жеткізіп отыр деген сөз. «Облыстың елді мекендерін 2017-2020 жылдар аралығында газдандырудың кешенді іс-шара жоспары әзірленді. Жоспарға сәйкес 2020 жылға қосымша 383 елді мекенді газдандыру жоспарланып отыр. 2021 жылға қарай табиғи газбен қамтылған елді мекендер санын 683-ке немесе 2 млн. 720 мың тұрғынға жеткізу межеленіп отыр»,- деді Жансейіт Қансейітұлы. Өңір басшысының айтуынша, өлкеміздегі елді мекендер 73 пайыз ауыз сумен қамтылған. Бұл көрсеткіш бойынша өңір республикада 4-ші орында. Арнайы қабылданған бағдарламаға сай алдағы жылдары 844 елді мекеннің 701-і, яғни 83 пайызы таза суға қол жеткізеді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР