16-04-2024
13.3 C
Шымкент

Жұмысшы — мәртебелі мамандық

«Кәсібім-мақтанышым». Оңтүстік Қазақстан облысындағы №2 колледжде жұмысшы және техникалық мамандықтардың құндылығын насихаттау мақсатында семинар-кеңес болып өтті. Жиынға қаладағы кәсіптік білім мекемелерінің өндірістік шеберлері қатысты. Сала жетістіктерін саралап, өзара тәжірибе алмасты. Іс-тәжірибе жүзінде ұйымдастырылған семинар-кеңесте бірінші кезекте білім орындарының сапалық деңгейін көтеру мәселесі қаралды. Жоғары сұранысқа ие техникалық және кәсіптік білімді мамандарды даярлау ісіне жіті көңіл бөлінді. Альбина Елшиева — №2 колледждің директоры:

-«Даму» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында біздің  колледждің бітіруші мамандарына сұраныс өте жоғары. Еңбек нарығында қажетті мамандықтар құрылысшы, техникалық мамандықтар болып табылады. Ол анық. Балалар, болса да жоғары оқу орнына барғысы келеді. Алайда, экономист мамандығын алып, үйде жұмыссыз жатқанша, құрылысшы мамандығын игеріп, жұмыс істеген әлдеқайда артық.

Семинар барысында жоғары білікті жұмысшы мамандарын даярлау мәселесі кеңінен талқыланды. Жиынға қатысушылар жұмысшы мамандығының мәртебесін асыруға ерекше ден қойды.  Кәсіптік жүйені жетілдірудің жолдары іздестіріліп, нақты бағыттары анықталды.  Сондай-ақ, колледждердің оқу-материалдық базасын нығайту мәселесі де басты назарда болды.

Нұрқаныс Тұңғышбай

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР