19-09-2021
22.3 C
Шымкент

ЭКСПО-да ОҚО 4 жоба ұсынады

Астана қаласында өтетін «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінде интерактивтік картада облыс бойынша 4 жоба ұсыну жоспарланып отыр. Бұл жөнінде ОҚО кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасы мәлім етті. Бұл жобалар «Нұр Әлем» ұлттық павильонында көрсетіледі деп жоспарлануда. Жоблар жасыл технологияларды дамыту саласында қонақтар мен көрме қатысушыларын таң қалдыру қажет. Оңтүстіктің жобалары көрмеге қатысушыларды жаңартылған энергия көздерімен ерекше көңіл аудартатыны анық. Интерактивтік картада ұсынылатын жобалардың бірі «Аксу-Энерго» күн энергиясы саласындағы  жоба. Күн электр станциясы 2014 жылдың аяғында іске қосылған. Күн батареялары жалпы 1 МВт электр энергиясын өндіре алады. «Болашақ энергиясы» — көрмесінде таныстырылатын жобалар тізбесі – «Су ресурстары — Маркетинг» ЖШС, «Рысжан»-«Келесгидрострой» ЖШС-гі нің су электр станциясы мен пайдаланылған мотор майын қайта өңдеу бойынша «Hill Corporation» ЖШС. Жобалар шетелдік өнімдермен бәсекелесе алады.

Айта кетейік, Астанадағы өтетін ЭКСПО-ның тақырыбы: «Болашақ энергиясы» болмақ. Көрмеге қатысушы мемлекеттер өздерінің энергия саласындағы техникалық жетістіктерімен барша жұртты тәнті етеді. Әсіресе, қазіргі таңда сұранысқа ие балама энергия көздерін алу мақсатындағы құрылғылармен таныстырады. Сарқылмайтын энергия көздеріне жататын: күн сәулесі, жел, жер асты сулары арқылы энергия алу болашақта адамзатқа қажетті ресурс түрі. Осыдан, көрменің тақырыбы көпшіліктің қызығушылықтарын тудырары анық екені білінеді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР