05-09-2021
22.3 C
Шымкент

Есейген еліміз, еңселі еріміз аман болсын

Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Созақ ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мәжіліс залында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын орталық мамандары талқылап, дөңгелек үстел басында ой бөлісті. Аталған шараға мекеме жастары мен ауыл округ, кент әкімдіктерінің жастар өкілдері қатысты. Дөңгелек үстел барысында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының негізгі ережелерін түсіндіру бойынша «Талантты жастарды қолдау» бөлімінің басшысы, Қазақстан журналистер одағының мүшесі, «АСАР» Оңтүстік Қазақстан мүгедектері» қоғамдық ұйымы Созақ аудандық филиалының төрағасы Біржан Саржанов «Мамандардың айтуларынша, қазірдің өзінде көп дүние автоматтандырылып жатыр. Дегенмен, робот адамның эмоциясын айырбастай алмайды. Сол себепті болашақта гуманитарлық бағыттағы мамандардың қызметіне сұраныс артады, оның ішінде руханият, философия саласы дами түсуі мүмкін. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осы мақаласында сөз болған жайттарды болашаққа жасалған қадамды айқындауға бағыттады деп түсінемін», — деп сөз бастады.  Сондай-ақ, «Зиялы жас» пікір-сайыс клубының жетекшісі Ерұлан Байменов ұлт бірлігі үшін Елбасы мақаласының маңызды екенін атап өтті.  Өз кезегінде, ауыл округ, кент әкімдіктерінен келген жастар өкілдері Нұрсұлтан Назарбаев рухани тәрбиеге қатысты мемлекет тарапынан айқындалуы тиіс бағыттарға тоқтап өткенін айтты. Шара соңында Ұлт көшбасшысының мақаласы мемлекет мүддесі мен болашақ жастарға бағыт-бағдар беретін басты ұстаным екенін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР